Премьер-лиганың Астанадағы 18-тур ойыны ертерек ойнатылмақ.
“Жеңіс” командасы көкшетаулық қарсыласын 25 шілде күні “Астана Аренада” қонақ қылады. Әуел баста бұл ұжымдар арасындағы 18-тур кездесуі 27 шілде күні өтуі тиіс болған. Алайда әлемге танымал әнші Дженифер Лопестің концертке дайындығы сол уақытқа жоспарланған екен. Осыған орай, Федерация тарапы матчты 2 күн алдыға жылжытты.
Матчтың күнінен бөлек, өтетін уақыты да өзгертілді. Мәселен 27 шілде күні сағат 18:00-де өтуі керек болған кездесу, 25 шілде күні сағат 19:00-де өз бастауын алады.
Айта кетейік, Дженифер Лопес концерті “Астана Арена” стадионында 1 тамыз күні өтеді. Билет құны 40 мыңнан 180 мыңға дейін барады.