“Жеңіс жақын еді...”: Кенжебек дебютіне разы ма?

Бүгін, 09:24

Ресей Премьер лигасының кезекті турында Қазақстандық жанкүйерлер үшін ерекше оқиға орын алды, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Жеңіс жақын еді...”: Кенжебек дебютіне разы ма?

Грозныйлық “Ахмат” пен Мәскеулік “Локомотив” арасындағы тартысты матчта Грозный клубының намысын бір емес, екі бірдей отандасымыз қорғады. 

Матч барысында “Ахматтың” басты қаруына айналған Максим Самородов гол соғып, командасын алға сүйреді. Алайда, ойынның 86-минутында бапкерлер құрамы оның орнына алаңға екінші Қазақстандық талант — Ғалымжан Кенжебекті шығарды.

Ойын тең аяқталғаннан кейін Кенжебек матчтың нәтижесіне қатысты қысқа қайырды. Оның сөзінен жеңіске деген құштарлық пен алдағы ойындарға деген дайындық анық байқалды:

“Әрине, жеңіске жеткіміз келген еді, бірақ бұл жолы сәтсіздік болды. Енді бар күшімізді келесі кездесуге саламыз. Баршаңызға қолдауларыңыз үшін рақмет.” — деді РПЛ-дегі дебют матчына қатысқан Ғалымжан Кенжебек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×