«Жеңіс» - «Жетісу» кездесуіне болжам

12.07.2025, 17:57

11 тур бойы жеңіске жете алмай келген алаң иелері соңғы 4 матчта 10 ұпай олжалады.

«Жеңіс» - «Жетісу» кездесуіне болжам
«Жетісу» футболшылары жаттығу жасауда

Сөйтті де турнирлік кестеде бірнеше саты көтеріліп алды. Ертең талдықорғандық қонақтарға қарсы ойынды да жеңіспен аяқтаса, «Қызыл-Жар», «Ордабасыны» қуып жету мүмкіндігі бар. Украиналық маман Андрей Демченко командамен ортақ тіл таба алса,  «Жеңістің» премьер-лиганы жоғары орындарда аяқтауы да мүмкін. 

«Жетісу» өткен жолы тағы бір астаналық командамен жолығып, ұтылған еді (Астанадан 0:2). Ал оның алдында «Ұлытауды» ұтқан 2:1. Жеңіс пен жеңілісті қатар алып жүрген талдықорғандықтар ертең қандай нәтижеге қол жеткізеді? Қазір «Жетісу» үшін әрбір ұпай маңызды. Чемпионаттың үштен екінші бөлігі таяғанда сүрінуге болмайды, әсіресе өзімен деңгейлес командаларға қарсы ойындарда. Сол үшін талдықорғандық команда барын салып, шайқасады деуге болады. 

Бұл кездесудің бірінші таймының тоталы 1-ден кем болады деп топшылаймыз. Fonbet.kz бұған 1.64 коэффициент беруде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×