“Жеңісте” үлкен тазарту! Біреуі жаңа клуб тапты, басқалары далада қалды ма?

Бүгін, 13:15

Астаналық “Жеңіс” құрамдағы ауқымды өзгерістер туралы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Жеңісте” үлкен тазарту! Біреуі жаңа клуб тапты, басқалары далада қалды ма?

Клуб басшылығы бірнеше футболшымен қош айтысып, команда сапында үлкен тазарту жүргізгенін хабарлады.

Елордалық ұжымның қатарынан бір мезетте алты бірдей ойыншы шығарылды. Олардың арасында команданың ішкі атмосферасына әсер етіп жүрген таныс есімдер бар. Клубтан кеткен футболшылардың тізімі төмендегідей:

– Диас Құралбаев

– Диас Тасболат

– Ерасыл Салықов

– Мадияр Маратов

– Ерасыл Серікбол

– Мақсат Мағзұмов

Бейресми мәліметтерге сүйенсек, бұл алтылықтың ішінен тек бір футболшы ғана жаңа командамен келісімшартқа отырып үлгерген. Ал қалған бес ойыншы қазіргі таңда еркін агент ретінде карьерасын жалғастырудың түрлі нұсқаларын қарастырып жатыр. Олардың алдағы тағдыры әзірге белгісіз.

“Жеңіс” басшылығы бұл шешімді команданы күшейту және жаңа кезеңге дайындық ретінде түсіндірді.

“Біз жігіттерге көрсеткен кәсібилігі мен командаға қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз. Олардың алдағы карьерасына сәттілік тілейміз." – деп қысқа қайырды клубтың баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×