Шабуылшы Нұрбол Ануарбеков - “Жетісу” ойыншысы атанды.
Павлодар футболының түлегі өз мансабында “Екібастұз”, “Павлодар 2”, “Ақсу”, “Қайсар”, “Ұлытау” және “Жеңіс” клубтарында өнер көрсетті.
Соңғы аталған ұжымда шабуылшы Премьер-лиганың осы маусымында 15 матч өткізіп, 1 гол соқты.
Нұрболдың форвард есебіндегі статистикасы мүлдем нашар. Мәселен, ойыншы “Ұлытауда” 14 матчта 5 гол, “Ақсуда” 23 матчта 4 гол және “Жеңісте” 53 ойында 6 гол соқты. Осыдан қарап-ақ Анкарбековтың өз позициясында осал екеніне көзіміз жетеді.
Жалпы жаңа ұжымда Нұрбол 98 нөмірмен өнер көрсетеді.