“Жеңістің” экс-бапкері Қазақстанға қайтып оралғысы келеді екен

Акис Вавалис елорда ұжымынан кеткелі өзіне жұмыс таппады. 

“Жеңістің” экс-бапкері Қазақстанға қайтып оралғысы келеді екен

Қазақстан чемпионатында алғашқы грек бапкері атанған Акис 2025 жылдың мамыр айында “Жеңістен” отбасылық жағдайға байланысты кеткен болатын. Оның тізгінінде елорда ұжымы 2024 жылғы маусымда Премьердегі орнын сақтап қалды және Лига Кубогы финалына дейін жетті. Вавалис клубтан кеткеннен кейін команданы Пырали Алиев пен Александр Демченко жаттықтырды.

Қазірде 39 жастағы бапкердің отбасындағы жағдай тұрақталды. Акис жаңа қарқынмен жұмысқа қайта кірісуге әзір. Ол тіпті Қазақстанға қайтып оралуға қарсы емес. 

Жалпы өз мансабында Вавалис Грекия Суперлигасының бірнеше командасын баптады. Ол швециялық “Васалундса”, болгариялық “Крумвоград” және косоварлық “Дритада” қызмет жасады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Жеңіс
Aladop Youtube
×