Жерар Пике «Фулхэмге» ауыса ма?

20.08.2020, 19:40
Ағылшындық команда Пикеге ұсыныс тастады
Жерар Пике «Фулхэмге» ауыса ма?

Sport.es деректеріне сүйенсек, "Фулхэм" "Барселонаның" қорғаушысы Жерар Пикені өз қатарларына қосқысы келеді. Лондондық ұжым испаниялық ойыншыға ресми түрде ұсыныс тастап үлгеріпті.

Қазіргі сәтте каталониялық команда көптеген ойыншымен ат құйрығын кесіспек. Солардың қатарында осы Пике де бар. Сондықтан, 33 жастағы орталық қорғаушының "Фулхэм" сапына ауысу мүмкіндігін жоғары деп бағамдауға болады.

Айта кетейік, "Барселонаның" "Баварияға" қарсы өткен атышулы жеңілісті матчынан кейін, Пике клубтан кетуге дайын екендігі жайлы мәлімдеген болатын.

Шыңғысхан Досмухамбетов

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×