Жеребе жайлы ұлттық құрама жетекшілерінің жеке пікірі

08.12.2013, 19:36
Жеребе жайлы ұлттық құрама жетекшілерінің жеке пікірі
fabio-kapello_b(5) (Ресей ұлттық құрамасының жаттықтырушысы) Фабио Капелло: " Менің ойымша, жеребе аса қиын  бола қойған жоқ. Керісінше қызықты қарсыластарға тап болдық. Олардың ішінде біз жақсы білетін Оңтүстік Корея ұлттық құрамасы бар. Жақында жолдастық кездесу өткізгенбіз." "Ал Белгия менің ойымша, Европадағы ең мықты ұлттық құрамалардың бірі. Алжир ұлттық құрамасы  аса қатты танымал болмаса да, біз үшін жұмбақ ұжым. Олармен де жақсы ойын көрсетеміз деп ойлаймын",- деп мәлімдеді Капелло. 519497 (Франция ұлттық құрамасының жаттықтырушысы) Дидье Дешам: "Бастысы, ең алғашқы ойынды жеңіспен бастау керек. Бірінші кездесуде Швейцариямен ойнамайтынымыз ол біздің бір артықшылығымыз",-деп мәлімдеді Дешам мырза. Louis-van-gaal2 (Голландия ұлттық құрамасының жаттықтырушысы) Луи ван Гаал: "Ештеңені өзгерте алмайсың. Әділдікке тура қараумыз керек. Жеребе біз үшін сәтсіз болды." "Қазіргі кездегі әлем чемпиондарымен яғни Испания құрамасымен күш сынасамыз. Австралияға қарсы тұрамыз, Оларды ешқашан ұтпағанбыз. Чилимен де ойнау оңайға түспес. Колумбия ұлттық құрамасын 3-0 мен ұтқанын көргем. Өте мықты қарсылас. Ал егер топтан шықсақ, А тобындағы Бразилия бастаған (Мексика, Хорватияжәне Камерун) тегеурінді қарсыласпен кездесеміз. Мүмкін Бразилиямен жолығып қалармыз. Сондықтан жеребе біздерге жолдас болды деп айта алмаймын." "Мен Бельгия, Алжир, Ресей және Оңтүстік Корея өнер көрсететін  Н тобына түсуді қалағам. Бізде Бразилиға барғаннан кейін де көп уақытымыз болмайды."  Йоахим-Лев (Германия ұлттық құрамасының жаттықтырушысы) Йоахим Лев: "АҚШ-пен бұрын жолымыз түйіспеген, Португалиямен де, Ганамен де ойын өткіздік. Ойындар Салвадор, Форталезе және Ресифи қалаларында өтпекші. Ол жақтың ауа-райы өте ыстық. Біз енді қайда және қай құрамаға қарсы қалай ойнау керек екенін жақсы білеміз." 6178 (Испания ұлттық құрамасының жаттықтырушысы) Висенте Дель Боске:" Мен айтқам, біз Голландиямен жолығуымыз мүмкін деп және қателеспеппін. Голландия өзгерген, бірақ оларда әлі де Роббен, ван Перси, ван дер Ваарт секілді сақа ойыншылар бар,"-деп мәлімдеді Дель Боске. "Бұл бар болғаны жеребе. Мен ойламаймын біз өлім тобындамыз деп, бірақ оңай болмасын білем. Испания 1/8 финалда бразилиялықтармен кездесуі мүмкін. Бразилия өз тобында бірінші орын алады деп ойлаймын, сондықтан менің шәкірттерім де аянып қалмасы анық. " "Чили - өте ыңғайсыз қарсылас. Олар футболды жоғары жылдамдықпен ойнай алады және бұл құрамада тәжірибелі ойыншылар көп. Австралиямен де ойын оңай болмас."       1335771699_554     (Англия ұлттық құрамасының жаттықтырушысы) Рой Ходжсон: " Италия мен Уругвай - біздің топтағы ең мықиы қарсыластар. Жеребе қорытындысы да мені таң қалдырған жоқ, мен тегеурінді қарсыластарды күткем. Мен бірақ бәріне де дайын болғам, өйткені алда не боларын ешкім болжап біле алмас." "Коста-Рикалықтарды да есептен шығармаймыз, әрине. Футболда ақшамен ешкімді ұта алмайсың, барлығы да жасыл алаңда шешіледі,"-деп ойлайды Рой Ходжсон мырза.   Абылайхан ЖҰМАШ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×