29 жастағы француз жартылай қорғаушысы Жереми Манзорро қостанайлық «Тобылға» қайта оралды.
21 шілдеде ойыншы ҚКФЛ ресми сайтындағы қостанайлық команданың тізімінен шығарылған еді, бірақ 29 шілде күні Жереми қайтадан тізімге енгізілді.
Франциялық «Реймс» клубының түлегі Премьер-лигадағы дебютін 2019 жылы «Ертіс» сапында жасады. Жалпы ол павлодарлық клубта 26 матч өткізіп, 6 гол соқты. Ол өткен маусымды «Шахтер» құрамында бастады (3 матч, 1 гол). Ал «Тобыл» жейдесінде 28 матчқа қатысып, 5 гол соқты.
Біздің серіктес: FONBET