Жерлестеріміз жеңіспен бастады

27.05.2013, 19:28
Жерлестеріміз жеңіспен бастады

Константин Фролов бастаған Қазақстан жасөспірімдерқұрамасы (U-17) УЕФА мен Белоруссия футбол федерациясының бірлесіп өткізіп жатқан Минскідені "Даму" турнирін сәтті бастады.

Бірінші турда турнир қожайындары Белоруссиямен кездескенжерлестеріміз жеңіліп жатып, жеңісті жігерліктерімен жұлып алды.

Қазақстанның негізгі құрамы: Грубов,Тыныбек, Әбдіразақов, Андреев, Балтабаев, Жолбарысов, Гладченко, Мамешев, Мірсәлімбаев, Котов, Васильев.

Ойын барысында алаңға шыққан футболшылар: Цуприков,Әбдеш, Ахметов, Әбілғазы, Сіләмбеков, Наджарян, Люхай, Елеусіз, Садыров.

Есепті ойынның 26-шы минутында алаң иелері ашты. Ал арада екі минут өткенде "жығылғанға жұдырық" дегендей, қорғаушымыз Болат Тыныбек қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Сөйтіп жеңіліп жатқан жерлестеріміз 10 ойыншымен қалды. Дегенмен, Фролов шәкірттері еңселерін түсірген жоқ. Керісінше жігерленіп, жинақылық танытып, нағыз ерлік көрсетті. Нәтижесінде үзіліске санаулы секундттар қалғанда Владислав Васильев есепті теңестірді. Екінші таймда одан сайын күшейіп, кездесудің соңына таман Васильев дубльдің авторы атанды. Естеріңізге сала кетейік, мамыр айының басында Астанада өткен "Президент кубогы" додасында Влад турнирдің үздік футболшысы атанған болатын. Міне, сол жолы үздік атануы кездейсоқтық емес екендігін дәлелдеуде.

 Ал, қорытынды есеп - 2:1, жерлестеріміздің жарқын жеңісі. Алға,Қазақстан!

alasharena.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×