“Жетісай” футбол клубы таратылды

31.12.2025, 17:10

Қазақстандық футбол жанкүйерлері үшін  жағымсыз жаңалық белгілі болды, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Жетісай” футбол клубы таратылды

Белгілі спорт журналисі Олжас Байбосын Түркістан облысының намысын қорғап жүрген "Жетісай” футбол клубының жұмысын тоқтатқанын растады.

Даму перспективасының жоқтығы басты себеп

Журналистің айтуынша, бұл шешім кездейсоқ немесе аяқ астынан қабылданған дүние емес. Клубтың жабылуына оның нақты даму стратегиясының болмауы мен жергілікті биліктің қолдау көрсетпеуі себеп болған.

"Екі жыл бойы бұл клубтың мәселесін көтеріп, жарнамасын жасап, әкімдікке де жағдайды жеткізуге тырыстым. Бірақ еш нәтиже шықпады. Шындығына келгенде, "Жетісай" клубының қазіргі күйінде ешқандай болашағы да, пайдасы да қалмады.” — дейді О. Байбосын.

Айта кетсек, “Жетісай” 2023 жылы Екінші лигада топ жарған болатын. Ал өткен маусымда Бірінші лигада 5-ші орынға табан тіреген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Масқара 2
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×