“Жетісай” ойыншысы мансабын басқа командада жалғастырады

Даниэл Мауленов “Жетісай” клубымен қош айтысты. 

“Жетісай” ойыншысы мансабын басқа командада жалғастырады

Сол қаптал қорғаушысы позициясында өнер көрсететін ойыншы маусымның қалған бөлігін “Ұлытау” клубында жалғастырмақ.

Кей деректерге сенсек, Даниэл Нүркен Мәзбаев баптайтын командада 2 млн теңге жалақы алатын болады.  "Жетісайда” жүргенде Мауленовтың айлығы 600 мың теңге етін.

24 жастағы футболшы осы маусымда "Жетісай" сапында Бірінші лига аясында 11 ойын өткізді. 

Ордабасы түлегі өз мансабында “Жетісайдан” бөлек, “Ордабасы 2”, “Мақтаарал”, “Қыран” және “Хан-Тәңірі” клубтарында өнер көрсетті. 

Айта кетейік, Мауленов жаңа командасында дебюттық ойын өткізіп үлгерді. Сол қаптал қорғаушы шыққан кездесу “Ұлытаудың” “Елімаймен” тең тарқасу нәтижесімен аяқталды. 
 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×