Рамазан Абылайхан Жезқазған ұжымына қайтып оралды.
24 жастағы қаптал вингері бүгінде “Ұлытаудың” Шымкенттегі жаттығу жиындарында жүр. Естеріңізде болса, Абылайхан өткен маусымның алғашқы бөлігін Нұркен Мәзбаев командасында өткізіп, кейінірек “Жетісайға” қайта қосылып еді.
Жалпы қаптал вингері “Ұлытау” сапында 18 матч өткізіп, тек 1 голдық көрсеткішімен көзге түсті.
Рамазан өзінің кәсіби мансабын Оңтүстік Академиясы сапында бастады. Одан кейін, әр жылдары “Мақтаарал”, “Дордой”, “Жетісай” және “Ұлытау” командалары сапында доп тепті.
Айта кетейік, Премьер Лиганың өткен маусымдағы дебютанты 5-16 қаңтар күні Шымкенттегі БИІК базасында жаттығу жасайды. Жиын барысында команда бапкері Нұркен Мәзбаев командаға ойыншыларды ірітектейді.