“Ақтөбе” ФК шабуылшысы Абылайхан Жұмабек мансабын “Жетісу” клубында жалғастыруы мүмкін, деп жазады Аладоп.кз.
Талдықорғандық ұжым футболшыны жалға алу мақсатында “ақ-қызылдар” клубымен келіссөздер жүргізуде екен.
Абылайханды “Жетісуға” жаңадан бапкер болып тағайындалған Қайрат Нұрдәулетовтың өзі қалап отыр.
Жалпы алғанда Жұмабек “Ақтөбе” үшін барлығы 22 ойын өткізіп, 1 гол мен 1 ассист жасаған болатын. Трансфермаркет 22 жастағы шабуылшыны 200 мың еуроға бағалайды.
Біздің серіктес: FONBET