«Жетісу» бас бапкерін ауыстыруы мүмкін

02.05.2021, 22:21
Бас бапкердің жалақысы 1 миллион теңгені құрайтындықтан, «Жетісуға» мықты бапкер табу қиынға соғады.
«Жетісу» бас бапкерін ауыстыруы мүмкін

KazFootball.kz сайтына белгілі болғандай, талдықорғандық "Жетісу" жақын арада 31 жастағы маман Ринат Алюетовпен қоштасуды жоспарлап отыр.

"Жетісу" бас бапкер Ринат Алюетовті ауыстыру нұсқаларын қарастырып жатыр. Жаттықтырушының жұмысына клуб басшылығының көңілі толмауда.

"Жетісу" клубында бас бапкердің жалақысы шамамен 1 миллион теңгені құрайды, бұл команданы жаттықтыруы мүмкін бапкерлердің талаптарына сәйкес келмейді. Сонымен қатар "Жетісудың" қазіргі құрамы да команданың кестедегі қазіргі жағдайын түзете алмайды деген қауіп бар.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық маман биылғы жылдың қаңтарында "Жетісумен" бір жылдық келісім-шартқа отырған болатын.

Ағымдағы маусымда Ринат Алюетовтың командасы сегіз матчта бір ғана ұпайға ие болып, турнир кестесінде соңғы, 14-орында тұр. Ертең, 3 мамырда Нұр-Сұлтан уақытымен 18:00-де талдықорғандық клуб Премьер-лиганың турнирлік кестесінде сегізінші орында тұрған "Ақжайыққа" қарсы ойнайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×