«Футболдан Талдықорғанның »Жетісуы» чемпиондықтан үміт үзеді. Бәрі де алдын-ала сатылып қойған». Нәтижесінде «Шахтер» бірінші, «Астана» екінші, «Ақтөбе» үшінші орын алады». Осыдан екі тур бұрын «Ордабасы» клубының футболшылары дәл осылай айтқан еді.
Сенбеген едік. Айтқаны сол «Ордабасы» – «Жетісу» командалары арасындағы кездесу шымкенттіктердің пайдасына шешілді. Одан кейін талдықорғандықтар көп ұзамай басты қарсыласы «Шахтерге» жол берді. Ел біріншілігінің аяқталуына да санаулы тур қалды. «Жетісу» әлі де бірінші орында. Десекте қарағандылықтар олардан бір ұпайға, «Астана» мен «Ақтөбе» 5 ұпайға қалып келеді. Келесі турда да Жетісу не жеңіледі не тең түсуі мүмкін. Әрине мұның бәрі шындыққа жанаса ма, жанаспай ма белгісіз. Бірақ жел соқпаса, шөптің басы қимылдамайды. Сіздің ойыңыз оқырман?
Елжан Батыр