
«Жетісу» маусымда алғаш рет өз алаңында өнер көрсетеді.
Өкінішке қарай, белгілі себептермен Самат Смақов талдықорғандықтарға тікелей көмектесе алмайды. Ал «Елімай» 6-тур ойынан сақадай-сай - соңғы екі кездесуін жеңіспен аяқтады. Андрей Карпович командасының жеңісті сериясын Талдықорғанда да жалғастыруды көздейді.
Жетісулық клубтың Түркістандағы аты шулы матчта, жалпы маусымның алғашқы бөлігіндегі жағдайы мәз емес. Самат Кәбірұлы ол туралы, сүреңсіз ойын турасында айтып өткен. Әзірге «Жетісу» мына қарқынымен премьер-лигамен қош айтысатын басты кандидаттың бірі көрінеді.
Талдықорғандық ұжым Кубоктегі «Тобылға» қарсы ойынды қосып есептегендегі 6 матчта бір-ақ гол салды (Қызыл-Жар қақпасына).
Семейлік клуб өткен жолы «Жеңісті» ал 4-турда «Ұлытауды» қапы қалдырған соң турнирлік кестеде бірнеше саты көтеріліп алған еді. Енді бүгін Андрей Карпович Талдықорғанда тағы 3 ұпайды қанжығасына салса, тағы жоғарылау мүмкіндігін алмақ. Онда неге ойыны сүреңсіз әрі уақытша болса да бас бапкерсіз қалған қарсыласты ұтып, турнирлік мәселені жақсартып алмасқа?
Fonbet.kz букмекерлік кеңсесі бұл ойынның жалпы тоталы 2-ден аз болады деген нұсқаға 1.85 коэффициент беріпті. Біз Талдықорғанда қазір басталатын матч осылай аяқталады деп топшылаймыз.
Біздің серіктес: FONBET