«Жетісу» грузиялық футболшымен толықты

30.07.2021, 20:16
Футболшы талдықорғандық клубқа «Томь» командасынан ауысып келді.
«Жетісу» грузиялық футболшымен толықты

Талдықорғандық "Жетісу" 25 жастағы грузиялық жартылай қорғаушы Тенгиз Цикаридземен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.

Цикаридзе Грузияның Гори қаласында дүниеге келген. Ол өзінің мансабын жергілікті "Дила" командасында бастады, ол аталған команда үшін 2012 жылдан 2019 жылға дейін ойнады. Сонымен қатар "Шукура", "Торпедо Кутаиси" және "Чихура" командаларында доп тепті. Ойыншы соңғы мәрте ФНЛ-да бақ сынайтын "Томь" командасында өнер көрсетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×