Талдықорғандық "Жетісу" Премьер-лиганың соңғы турында Ақтаулық "Каспийді" еш қиындықсыз жеңді. Алматыдағы Орталық стадионда өткен матч 3:0 есебімен аяқталды.
Кездесудің 23-минутында Айбар Жақсылықов қорғаушының қателігін сәтті пайдаланып алғашқы голды соқты. Араға он минут салып Вадим Побудей есепті еселеді. 58-минутта Айбар Жақсылықов дубль авторы атанды.
28 ұпай жинаған "Жетісу" чемпионатты алтыншы орынмен аяқтады. Ал "Каспий" 17 ұпаймен Премьер-лигадағы орнын сақтап қалды.
Біздің серіктес: FONBET