Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсететін «Жетісу» клубы ерекше жайтқа тап болды.
Самат Смақов баптайтын «Жетісу» клубы 16 қыркүйектен енді ғана «Қайратқа» қарсы ойын өткізіп, 0:5 есебімен күйрей жеңілді. Бұған 3 апталық ойын ырғағының болмауы да өз кесірін тигізетіні анық. Енді ұлттық құраманың ойындарына байланысты үзіліс болатындықтан, клубтар демалысқа кетеді. Ал «Жетісу» енді тек 19 қазанда ғана өз алаңында «Тобылды» қабылдайды.
Айта кетейік, ұлттық құраманың экс-бас бапкері Әли Әлиев матчтардың кейінге шегерілуі Қазақстан құрамасына да кері әсерін тигізетінін айтып, Бельгияға қарсы кездесуді мысал еткен болатын.