«Жетісудың» бас бапкері Дмитрий Огай қызметінен кетуі мүмкін, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.
Егер команда келесі матчтарда нәтиже бермесе, Огай клубтан кетуге мәжбүр болады. Бас бапкерге жағдайды түзету үшін бірнеше ойын берілді. 27 тамызға жоспарланған «Қызыл-Жар» командасымен болатын матчта сәтсіздікке ұшыраған жағдайда да оған қыркүйек айында өтетін ҚПЛ ойындарында мүмкіндік берілетін болады.
«60 жастағы жаттықтырушыны аймақ басшысының футболға аса қызығушылығының жоқтығы және "Жетісуға" онша мән бермегені де құтқармайды. Дегенмен Огай онымен байланыста болуға тырысады. Маусым басталмай жатып, аймақ басшылығы алдына мақсат қойды - үздік үштіктегі орын, дегенмен бес матчтағы үш жеңіліс "Жетісудың" қола медаль алу мүмкіндігін түбегейлі төмендетіп жіберді», - делінген хабарламада.
Біздің серіктес: FONBET