«Жетісу» клубының бюджеті айтарлықтай қысқаруы мүмкін

23.12.2020, 16:42
Бұған дейін Самат Смаков клубтың жаңа директоры болып сайланады деген ақпарат шыққан еді.
«Жетісу» клубының бюджеті айтарлықтай қысқаруы мүмкін

Metaratings.kz сайтына белгілі болғандай, «Жетісу» футбол клубын мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру айтарлықтай төмендейді.

Егер 2020 жылы «Жетысуға» облыстық бюджеттен шамамен үш миллиард теңге бөлінген болса, келесі маусымда 800 миллион бөлінеді. Клуб бапкерлер құрамын толық ауыстырып, жергілікті түлектермен ғана өнер көрсетеді. Легионерлердің қызметінен толығымен бас тартуы да ғажап емес.

Осыған байланысты "Жетісу" Бірінші лигада өнер көрсететін "Жетісу Б" және Қазақстан чемпионатында өнер көрсететін мини-футбол командасын жауып тастауы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, 1 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпқой футбол клубтарын қаржыландырудың орнына аймақтардың спорттық бюджеттерін толықтыруды ұсынған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×