“Жетісу” командасының жаңа бас бапкерінің есімі белгілі болды

25.11.2025, 09:55

Өскемендік "Алтайды" ҚПЛ-ге шығарған маман Самат Смақовтың орнын баспақ деп хабарлайды, Aladop.kz. 

“Жетісу” командасының жаңа бас бапкерінің есімі белгілі болды

ASnews.kz мәліметінше 66 жастағы Қазақстандық бапкер Вахид Масудов маусым аяқталғаннан бері бапкерсіз қалған “Жетісу” клубының тізгінін ұстауға негізгі үміткерлердің бірі ретінде қарастырылып жатыр. 

1992-1996 жылдары Қазақстан ұлттық құрамасында доп тепкен Вахид Масудов бапкерлік мансабын ресми түрде 1998 жылы бастаған. Бұл уақыт ішінде ол көптеген Қазақстандық клубтарда жұмыс жасап, мол тәжрибе жинады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×