Осы жаңа ғана ҚПЛ-дің 15-туры аясындағы "Жетісу" - "Ордабасы" ойыны аяқталды. Есеп 1:1.
Талдықорған "Орталық алаңында" өткен матч өте тартысты болды. Кездесудің 31-минутында Сағадат Тұрсынбай қонақтарды есепте алға шығарған. Ал алаң иелері сапынан мергендік танытқан Абылайхан Жұмабек (83-минут) болатын. Сондай-ақ, матч барысында шымкенттік команданың екі голы есепке алынбады. Талдықорғандық клуб сапында өзінің дебюттік кездесуін Егор Ткаченко өткізгенін де айта кеткен жөн. Қорғаушы жақында маусым соңына дейін жалға "Қайраттан" ауысып келген еді.
Сонымен, Александр Седнев жаттықтыратын шымкенттік ұжым ұпай санын 26-ға жеткізіп, ҚПЛ-де бірінші орнын сақтап қалды. Ал "Жетісу" 17 ұпаймен 7-ші орынға жайғасты.
Біздің серіктес: FONBET