«Жетісу» нигериялық шабуылшымен келісім-шартқа отырды

25.08.2021, 22:37
25 жастағы шабуылшы мансабында бар-жоғы 20 матч өткізіп, 1 ғана гол соққан.
«Жетісу» нигериялық шабуылшымен келісім-шартқа отырды

Нигериялық футболшы Угочукву Одуэньи «Жетісу» клубына ауысты. 25 жастағы орталық шабуылшы жаңа командасында 25-нөмірмен ойнайтын болады.

Одуэньи бұған дейін австриялық ЛАСК, «Хорн», «Рид», хорватиялық «Сесвете» және украиналық «Минай» клубтарында доп тепкен. Осы маусымда «Минай» жейдесінде 9 матч өткізіп, гол соға алмады.

Сатистикалық порталдарда 25 жастағы шабуылшының мансабында бар-жоғы 20 матч өткізіп, 1 ғана гол соққаны жазылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×