Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, "Жетісудың" футболшысы Ескендір Қыбырай "Каспиймен" бірге оқу-жаттығу жиынына аттанды.
23 жастағы қорғаушы жақын арада Ақтаулық клубпен келісімшартқа отырады деп күтілуде. Өткен маусымда Қыбырай Қазақстан Премьер-лигасындағы алғашқы кездесуін өткізді. Одан кейін "Жетісу" сапында сегіз матч өткізіп, екі нәтижелі пас берді.
Бұрын қорғаушы "Қайраттың" құрамында өнер көрсетті, сонымен қатар Қазақстан жастар құрамасында да бірнеше матчқа қатысты.