Талдықорғандық «Жетісу» 27 жастағы ресейлік шабуылшы Асланбек Сикоевпен келісім-шарт жасасқанын хабарлады.
Асланбек бұған дейін Ресей Премьер-лигасындағы және ФНЛ командаларында ойнаған. Атам айтсақ, «Рубин», «Витязь», «Алания», «Арсенал», «Шинник», «Крымтеплица», сондай-ақ белорусиялық «Дняпро-МЧЗ» клубының намысын қорғады.
Өткен жылдың ақпан айынан бастап Сикоев «Шинникте» өнер көрсетті, бірақ шілде айынан бері клубсыз жүр.
Ол кәсіпқой мансабында бас-аяғы 85 матч өткізіп, 22 гол соқты, 1 нәтижелі пас берді.
Біздің серіктес: FONBET