«Жетісу» Румыния құрамасының экс футболшысын қатарға қоспақ

07.03.2021, 21:17
Футболшы өткен маусымда «Стяуа» клубының намысын қорғады.
«Жетісу» Румыния құрамасының экс футболшысын қатарға қоспақ

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, талдықорғандық "Жетісу" румыниялық футболшы Габриель Энакемен келісім-шартқа отырмақ.

30 жастағы Энаке 2020 жылғы маусымды "Қызыл-Жар" командасында бастады. Алайда, петропавлдық клубта тек бес ойын өткізген Габриель Қазақстан чемпионатынан кетіп, румыниялық "Стяуа" клубына ауысалы. Бірақ ол командада тек бір матч өткізді. Энаке қорғаушы ретінде де, жартылай қорғаушы ретінде де ойнай алады.

ҚПЛ-ге келгенге дейін ол румыниялық "Астара", "Стяуа", "Дунэр Кэлэраши", ресейлік "Рубин" және сербиялық "Партизан" клубтарында ойнады. Румыния құрамасы үшін 5 кездесу өткізген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×