Қазақстан чемпионатының XIII турындағы матчтарға, Бірінші Лиганың VIII және IX турларына, сондай-ақ Екінші Лиганың V турларында тәртіп бұзғаны үшін бірнеше клубтарға жаза тағайындалды.
Премьер-лига, XIII тур, «Жетісу» - «Қайрат»
«Жетісу» ФК командасының тәртіпсіз әрекеті үшін 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды, яғни 277 800 теңге, және бұл ойында команданың екі ойыншысы алаңнан қуылған еді.
Бірінші лига, VIII тур, «Қыран» - «Байқоңыр»
Команданың бес ойыншысының бір кездесуде ескерту алуына наразылық білдіргені үшін, «Қыран» футбол клубына 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды, бұл 138 900 теңге.
«Екібастұз» - «Мақтаарал»
Бір матчта бес ойыншысының ескерту алуына көрсетілген команданың тәртіпсіз әрекеті үшін «Екібастұз» клубына 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды, бұл 138 900 теңге.
ІX тур, СДЮСШОР №8 - «Қайрат-Жастар»
Қарсыласын гол соғудың айқын мүмкіндігінен айырғаны үшін СДЮСШОР №8 командасының ойыншысы Біржан Құлбеков бір матчқа шеттетілді.
Екінші лига, V тур, «Рузаевка» - «Қызыл-Жар М»
Жарыстың медициналық хаттамасын бұзғаны үшін, COVID-19-ға арналған ПТР анализдерінің жоқтығына байланысты "Рузаевка" клубына 100 АЕК көлемінде айыппұл салынып, 0:3 есебімен техникалық жеңіліске ұшырады.
Біздің серіктес: FONBET