«Жетісу» техникалық жеңіліске ұшырап, клубқа айыппұл салынды

29.09.2020, 23:44
Жетісу клубы матчтың өзінде 3-0 есебімен ұтылған еді.
«Жетісу» техникалық жеңіліске ұшырап, клубқа айыппұл салынды

Қазақстан футбол федерациясының тәртіптік бақылау комитеті премьер-лиганың 11-ші турындағы "Астана" мен "Жетісу" арасындағы ойынға қатысты шешім шығарды. 

"Матчқа жеті легионерді заңсыз қатыстырғаны үшін "Жетісу" клубына 0:3 есебімен жеңіліс жазылып, 200 АЕК - 555 600 теңге айыппұл салынды", - делінген хабарламада. 

Сонымен қоса, комитет стадионда медициналық бетпердені дұрыс тақпағаны үшін "Астана" бапкері Пол Энтони Эшуортке 50 АЕК, яғни, 138 900 теңге айыппұл салды.

Еске салайық, бұл кездесу "Астананың" жеңісімен аяқталған болатын - 3:0. Томашевич дубль жасады, Бейсебеков бір голдың авторы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×