"Жетісу" Қазақстан Кубогінің соңғы турында "Тұранды" қабылдады. Матч Талдықорғандағы "Жетісу" стадионында өтіп, 1:0 есебімен аяқталды.
Ойындағы жалғыз әрі шешуші голды 81-минутта алаңға қосалқы құрамнан шыққан Алексей Михайлов соқты.
6 матчта 6 ұпай жинаған түркістандық клуб Д тобында ең соңғы орында қалып, турнирмен қош айтысты. 7 ұпайы бар "Жетісу" екінші орында тұр.
Біздің серіктес: FONBET