"Жетісу" футболдан Olimpbet-Қазақстан чемпионатының екінші турында түркістандық "Тұран" клубымен кездесті. Алматы қаласындағы "Жас Қыран" стадионында өткен матч 3:0 есебімен талдықорғандық клубтың пайдасына аяқталды.
Ойындағы алғашқы әрі жылдам голды 3-минутта Артем Дмитриев соқты. Ал 69-минутта Аслан Әділ керемет соққы жасап, есепті еселеді. 76-минутта Асхат Балтабеков командасының үшінші голын соғып, матчтың нүктесін қойды.
Естеріңізге сала кетейік, алғашқы жеңісіне қол жеткізген "Жетісу" клубынан үш ұпай шегерілген болатын. "Тұран" бір ұпаймен жетінші орында тұр.