«Жетісу» украиналық шабуылшымен келісім-шартқа отырады

19.07.2021, 16:57
Футболшы 1 шілдеден бастап еркін агент мәртебесіне ие болды.
«Жетісу» украиналық шабуылшымен келісім-шартқа отырады

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай талдықорғандық "Жетісу" сапына 25 жастағы украиналық шабуылшы Юрий Захаркив қосылды. Ол орталық шабуылшы позициясында өнер көрсетеді.

"Карпат" клубының тәрбиеленушісі "Днепр-1", "Тернополь", донецкілік "Олимпик", словакияляқ "Михаловце", тәжікстандық "Худжанд" және латвиялық "Елгава" командаларында доп тепті.

Захаркивтың соңғы командасы "Львов" болды. Юрий жалпы клубтық мансабында 56 матч өткізіп, 10 гол соққан.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×