Талдықорғандық «Жетісу» төрт ойыншымен келісім-шарт жасасты.
Талдықорғандық клубқа жаңадан үш футболшы қосылды. Олар: қақпашы – Андрей Пасеченко, қорғаушы – Берік Шайхов және жартылай қорғаушы Мәди Хасейн. Барлық ойыншылар «Жетісуға» еркін агент ретінде ауысып келді.
Сондай-ақ, «Жетісу» оң қапталда өнер көрсететін қорғаушы Рафкат Асланмен келісім-шартты ұзартты. Қазақстандық футболшы талдықорғандық клуб сапында өткен жылдың наурыз айынан бері ойнап келеді.
Біздің серіктес: FONBET