Көкшетаулық "Оқжетпес" Премьер-лиганың 18-турында Талдықорғандық "Жетісу" командасынан жеңіліп қалды. Алматыдағы "Жас Қыран" стадионында өткен матч 0:1 есебімен аяқталды.
Ойынның 21-минутында "Жетісу" ойыншысы Ненад Адамовичтің соққан голы командасына жеңіс сыйлады. Одан бөлек, 86-минутта "Оқжетпес" футболшысы Алексей Гаврилович қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.
Үш ұпай еншілеген "Жетісу" турнирлік кестеде 22 ұпаймен алтыншы орынға көтерілді. Ал Көкшетаулық команда 11 ұпаймен соңғы орында тұр.