
ҚПЛ-2025-тің 4-турындағы қызықты кездесу осы екі ұжым арасында өтеді деп ойлаймыз.
Әзірге талдықорғандықтар да, елордалықтар да жеңіске жете алған жоқ. Самат Смақов тізгіндеген жетісулық клуб әзірге Алматыны паналауда - қонақтарды бүгін тағы «Хан-Тенгри» алаңында қабылдайды.
Бүгінгі номиналды алаң иелерінің шабуыл шебінде мәселе жетерлік - «Қызыл-Жар» қақпасына салған голдан кейін «Жетісу» қарсылас қақпасынан саңылау таба алмай келеді. Команда капитаны Серікжан Мұжықов Семейге ауысып кетті, тағы бір көшбасшы Асхат Балтабеков бүгін «Жеңістің» сапында жетісулықтарға қарсы ойнайды. Тағы басқа да біраз ойыншы Қайрат Нұрдәулетовтің ізін ала кетіп қалды.
Самат Смақов Астанадағы сәтсіздіктен кейін біраз мәселені жайып салған, оның ең бастысы клуб бюджетімен байланысты болып отыр. Жалпы, биыл премьер-лигадағы ең осал команда осы «Жетісу» болатын сыңайлы. Үш турдан кейінгі соңғы орындардың бірі мен талдықорғандықтардың ойындарынан осылай ой түйіп отырмыз. Самат Смақов сөзсіз талантты бапкер шығар, бірақ аз ақшамен жарытып жеңіске жету, нәтиже көрсету кімге болсын оңай емес.
«Жеңіс» үш турда да тең ойнап, турнирлік кестенің сегізінші сатысына жайғасты. Елордалықтардың да шабуыл шебі керемет деуге келмейді 3 турдағы нәтиже бір гол. Клуб осы олқылықтың орнын толтыру үшін Эрдон Дачиді алды - албаниялық шабуылшы алғашқы кездесуінде-ақ гол соғып, үмітті ақтай алатынын аңғартты. Ары қарай қалай ойнар екен, ҚПЛ-дің алаңдарына бой үйретіп кете ме?
Маусымаралық үзілісте Исламбек Қуат келді, тағы бірқатар позицияда жаңа есімдер бар. Былтыр тәуір ойнап, Лига Кубогінің финалына шыққан елордалықтар биыл да жемісті ойнауға ниетті.
Алматыдағы ойын қонақтардың жеңісімен аяқталатын секілді. Fonbet.kz бұл нұсқаға 2.45 коэффициент беруде.
Біздің серіктес: FONBET