«Жетісудан» тағы екі футболшы кетті

25.01.2021, 00:48
Бұл жолы қазақстандық екі ойыншы клубпен қоштасты.
«Жетісудан» тағы екі футболшы кетті

Талдықорғандық «Жетісу» сапынан қазақстандық екі футболшы кетті, деп хабарлайды Kazfootball.kz сайты.

Клуб қорғаушы Ермек Қуантаев және жартылай қорғаушы Альмир Мухутдиновпен қоштасты.

Ермек «Жетісу» сапында 57 ойынға қатысып, бес нәтижелі пас берген. Ал Альмир талдықорғандықтар жейдесінде 44 ойынға шығып, бір мәрте қарсылас қақпасын дәл көздеген.

Осыған дейін клубтан Егор Зубович, Вадим Побудей, Андрей Залеский, Никита Наумов, Андрей Лебедев, Ненад Адамович, Стефан Живкович, Мартин Тошев, Алмат Бекбаев, Аслан Дарабаев, Еркебұлан Сейдахмет, Педро Эуженио, Артурас Жулпа, Доньет Шкодра, Дэвид Мавутор, Мирам Сапанов және Ескендір Қыбырай кеткен еді.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×