“Жетісудың” 2026 жылғы ҚПЛ маусымына жоспары қандай? Жергілікті жастар мен үздік сегіздік

06.01.2026, 08:46

"Жетісу" клубының бас бапкері Қайрат Нұрдәулетов облыс әкімі Бейбіт Исабаевпен өткен кездесудің мән-жайын бөлісіп, алдағы маусымға қойылған нақты мақсаттарды жариялады, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Жетісудың” 2026 жылғы ҚПЛ маусымына жоспары қандай? Жергілікті жастар мен үздік сегіздік

Талдықорғандық ұжымның биылғы бағыты нәтиже қуумен қатар, клубтың ішкі құрылымын нығайтуға бағытталмақ. Облыс басшылығы бапкерлер құрамына бірнеше маңызды талап қойып отыр.

Басты басымдық – жергілікті кадрлар

Әкімнің басты талабы — команда сапына Жетісу өңірінің түлектерін көбірек тарту және жас ойыншыларға мүмкіндік беру. Осыған байланысты, алдағы оқу-жаттығу жиындарының негізгі мақсаты жас таланттарды іріктеп, оларды негізгі құрамға бейімдеу болмақ.

Турнирлік кестедегі мақсат: Үздік сегіздік

Тек жастарға сенім артып қана қоймай, турнирлік кестеде де лайықты орын алу міндеттелді.

"Бізге маусымды кестенің ортасында аяқтау міндеті қойылды. Әкім алғашқы сегіздікке кіруіміз керек екенін айтты. Бірақ ол кісі үшін ең маңыздысы — команданың сапалы әрі мазмұнды ойын көрсетуі." — деді Қайрат Нұрдәулетов Fonteam YouTube арнасында.

Бапкердің айтуынша, облыс басшысы команданың бұрынғы ойын өрнегіне көңілі толмаған болуы мүмкін. Сондықтан нәтижемен қатар, жанкүйерлерді тартатын әдемі футбол көрсету — "Жетісудың" алдағы маусымдағы басты бағдары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×