Талдықорғандық "Жетісу" футбол клубының айналасындағы қаржылық дау қайта өршіп жатыр, деп хабарлайды Aladop.kz.
ЖаркOFF телеграм арнасының мәліметінше, клубтың бас есепшісі Айжан Молдабаеваның басына қара бұлт үйірілді.
Бұрынғы басшылардың ізімен...
Айжан Молдабаева өзінің бұрынғы бастықтары — клубтың экс-директоры мен спорттық директорының артынан темір торға тоғытылуы әбден мүмкін. Тергеу мәліметтері мен бейресми дереккөздер есепшінің де қаржылық шикіліктерге қатысы бар екенін меңзеп отыр.
Бұған дейін клубтың экс-басшыларына қатысты мынадай сот үкімі шыққан болатын:
• Қалмұхамет Дөңсебаев (бұрынғы директор) — 7 жылға бас бостандығы шектелді.
• Дәулет Иманқұлов (бұрынғы спорттық директор) — 3,5 жылға сотталды.
Ендігі кезекте осы қаржылық операциялардың басы-қасында болған бас есепшінің де жауапқа тартылу ықтималдығы жоғары. Егер заңсыздықтар дәлелденсе, ол да бұрынғы серіктестерінің тағдырын қайталауы ғажап емес.