Жиру келісімді ұзартты

28.04.2020, 19:55
Француз футболшысы Оливье Жиру «Челсимен» жаңа келісім-шартқа отырды.
Жиру келісімді ұзартты

Бұл туралы журналист Джанлука ди Марцио мәлімдеді. 33 жастағы шабуылшы Лондон клубында 2021-ші жылдың 30-шы маусымына дейін ойнайды. Қысқы трансферде Жируға Италияның «Наполиі» мен «Интері» құда түскен еді. Апенинн түбегінің клубтары француз жігітіне сұрау да салды. Оливье Жиру «Челсиде» негізгі құрамнан шығып қалды. Қазір ағылшын командасы «Наполиден» Мертенсті сатып алу туралы келіссөз жүргізіп жатыр. Егер бұл келісім жүзеге асса, Жиру Италияға ауысуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×