Жоан Лапортаның кеңесшісі: Месси «Алтын допты» 13 рет алуы керек еді

Жуырда өткен Әлемнің үздік ойыншысына берілген «Алтын доп» жүлдесіне қатысты түрлі пікірлер әлі де айтылып жатыр. Басты үміткер саналған Винисиустың жеңілісі, Родридің жеңісі көптің таңданысын тудырғанымен, «Барселонаның» қазіргі иесі Жоан Лапортаның кеңесшісі Энрик Масип осы дау-дамайға ұшқыр ойын айтып, нүктесін қойыпты.

Жоан Лапортаның кеңесшісі: Месси «Алтын допты» 13 рет алуы керек еді

Әлемнің алып клубын басқарып отырған Лапортаға ақыл-кеңес беретін Масип: Иә, Винисиустың таланты еш шүбә келтірмейді. Өте жоғары деңгейлі ойыншы. Бірақ, бұл жерде не бағаланады, сұрақ сонда? Егер, футболшының талантына қарап үздік десе Винисиус алуы керек еді. Бірақ, Әлемнің үздігі олай бағаланса футболдың баға жетпес ойыншысы Лионель Мессиге 13 «Алтын доп» беру керек еді. Өйткені, Месси мен үшін Криштиану Роналдудан бір емес төрт бас жоғары деңгейде тұрады»- депті.

Жалпы аргентиналық футболшы өз мансабында «Алтын допты» 8 мәрте жеңіп алған. Бірақ, барселоналықтар үшін оның өзі аз секілді. Бұл, Мессиге табынушылықтың шыңы дер едік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×