Португалия құрамасының шабуылшысы Жоао Феликс “Атлетико Мадридке” қайта оралды.
Футболшы “Барселонадағы” жалға беру мерізімі аяқталған соң, Мадрид ұжымына қайта оралды.
Инсайдер Фабрицио Романо Жоаоның қазіргі уақытта командадан бөлек жаттығып жатқанын жеткізді. Соған қарағанда, ойыншы ертелі-кеш басқа ұжымға ауысуы бек мүмкін.
Осы маусымда шабуылшы құрама мен команданы қосқанда, жалпы алғанда 54 ойын өткізіп, 13 гол соқты. Феликстің “матрасшылардағы” келісімшарты 2029 жылдың жазына дейін жарамды.
Жоаоға қазіргі таңда “Астон Вилла” командасы қызығып отыр деген ақпарат бар.
Біздің серіктес: FONBET