Жоао Пауло 20 жыл бұрынғы рекордты қайталады

01.12.2020, 16:22
Үздік сұрмерген атанған Паулоның бес нәтижелі пасы тағы бар.
Жоао Пауло 20 жыл бұрынғы рекордты қайталады

"Ордабасы" шабуылшысы Жоао Пауло 2000 жылдан бері Қазақстан премьер-лигасының бомбардирлер жарысында жеңіске жеткен алғашқы бразилиялық футболшы болды.

Жоао - ҚПЛ-дің үздік сұрмергені атанған екінші бразилиялық футболшы. 2000 жылы бұл атақты "Ертіс" сапында 21 гол соққан Нильтон Мендес жеңіп алды.

Пауло осы маусымда 12 гол соқты, бұл барлық маусымдардағы ҚПЛ бомбардирлері арасындағы ең төменгі ұпай көрсеткіші. Бұған дейін үздік сұрмерген атанған ойыншылар арасында ең аз гол соққан "Ертістің" экс-ойыншысы Мұрат Тілешев пен молдовалық Александр Голбан ("Тобыл") болды. Екеуі де 2008 маусымда 13 рет қақпаны дәл көздеп, бірінші орынды өзара бөлісті.

Еске салайық, "Қайрат" соңғы 16 жылда алғаш рет Қазақстан чемпионы атанды. Ал "Тобыл" 2008 жылдан бері алғаш рет екінші орынға ие болбы, ал "Астана" тарихында алғаш рет қола жүлдегер атанды. Сонымен қатар, "Шахтер" 2014 жылдан бері алғаш рет еуропалық жарысқа қайта оралды. Ал "Оқжетпес" Бірінші лигаға түсіп қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×