Жоао Пауло ерекше жетістікке қол жеткізуі мүмкін

20.09.2020, 18:15
Бүгін «Қайсар» қақпасына гол соғу керек.
Жоао Пауло ерекше жетістікке қол жеткізуі мүмкін

"Ордабасының" бразилиялық шабуылшысы Жоао Пауло қатарынан бес матчта гол соғып келеді.

Жоао былтырдан бері шымкенттік команда құрамында 40 матч өткізіп, 20 гол соқты. Осы маусымда Жоао Пауло 5 гол соғып, үздік сұрмергендер кестесінде көш бастап тұр. "Астана" ойыншысы Рунар Мар Сигурьонссонның да еншісінде 5 гол бар. Сонымен қатар, екі ойыншы да «гол + пас» жүйесі бойынша 7 ұпай жинады (5 гол және 2 нәтижелі пас).

Естеріңізде болса, өткен маусымда 11 мамыр мен 16 маусым аралығында Жоао Пауло қатарынан бес ойында 6 гол соққан болатын.

Бүгін, Шымкенттік "Ордабасы" Қызылордалық "Қайсармен" ойнайтын болады. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 18:00-де басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×