Жоао Пауло: «Еуропа лигасының матчтарын үйде өткізсек жақсы болатын еді»

24.07.2020, 20:20
«Ордабасы» командасының шабуылшысы Жоао Пауло Шымкенттік командаға ауысуы, Қазақстандағы өмірі және Еуропа Лигасының матчтарына дайындығы туралы айтты.
Жоао Пауло: «Еуропа лигасының матчтарын үйде өткізсек жақсы болатын еді»

- "Ордабасыға" ауысу туралы айтып берсеңіз.

- Шымкенттік командаға ауысу туралы ұсыныс Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны кезінде түсті. Мен сол кезде «Лудогорецте» ойнадым. Разградта тәжірибе жетіспеді және басшылықтан жалға жіберуін сұрадым. Бір апта ішінде мен шешім қабылдадым. Футзалдан жаттықтырушы Какау маған жақсы таныс, ол маған Қазақстан туралы жақсы кеңес берді.

- Қазақстан туралы алғашқы әсеріңізбен бөліссеңіз.

- Мен Қазақстанға келгенде қатты таңқалдым. Разград - Шымкентпен салыстырғанда өте кішкентай қала. Жазғы климат өте қолайлы. Менің отбасым осында бейімделіп үлгерді.

- «Ордабасы» сізді қалай қабылдады?

- Бізді өте жылы қабылдады. Пабло Фонтанелло маған барлық жерде көмектеседі. Мұндағы ойыншылардың деңгейі өте жоғары. Мен бұл жерде жақсы тәжірибе жинаймын. Сонымен қатар өткен жылды оң бағалаймын. Мен барлық матчта ойнадым десем де болады, командаластарымның арқасында көп гол соқтым. Жалпы, Қазақстандағы инфрақұрылым жақсы, Астана мен Алматыда жақсы стадиондар бар. Мұндағы стадиондар барлық талаптарға сәйкес келеді.

- Осы маусымда өте аз матчтар өтті. Бұл туралы не айта аласыз?

- Маусым алдындағы оқу-жаттығу жиыны жақсы өтті. Соңғы матчқа келетін болсақ, біз бүкіл ойынды басымдықпен өткіздік, бірақ гол соға алмадық. Біз дұрыс жолдамыз және жағдайды түзетеміз. Басшылық алға қойған міндеттерді орындаймыз деп сенемін. Біз күресеміз. Бұл үшін бізге қажет нәрсенің бәрі бар. Мен көп жұмыс істеймін, бірақ бастысы команданың жеңісі.

- Жақында Еуропа Лигасы басталады. Команда матчтарға дайын ба?

- Ең сорақысы, ойын тәжірибесінің жоқтығы. Жақында чемпионат қайта басталып, оңтайлы формаға ораламыз деп үміттенеміз. Квалификациядағы бір матчқа келетін болсақ - бәрі сәттілікке байланысты. Үйде ойнасақ - жақсы, қонақта ойнасақ - жаман.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×