Жоао Пауло Қазақстанға оралмайды – Сұрмерген Бразилияда қалуды жөн көрді

Бүгін, 17:16

"Қайраттың" бұрынғы шабуылшысы Жоао Паулоның мансабына қатысты соңғы жаңалықтар белгілі болды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жоао Пауло Қазақстанға оралмайды – Сұрмерген Бразилияда қалуды жөн көрді

Legalbet.kz тілшісіне берген сұхбатында шабуылшы өзінің алғашқы кәсіби қадамдарын жасаған "АБС” (Натал) клубымен келісімге келгенін айтты. Жоао Паулоның айтуынша, оған Қазақстаннан бірнеше ұсыныс түскенімен, ол жүрек қалауымен Бразилияда қалуды ұйғарған.

"Ауыр жарақаттан кейін бабыма келіп жатырмын, күн өткен сайын өзімді нық сезінемін. Қазақстандық клубтардан хабарласты, тіпті биыл елге оралу туралы ойым да болған еді. Алайда мені үлкен футболға баулыған "АБС" клубы өз қатарларында қалуды ұсынды. Таңдауым осы командаға түсті." — дейді футболшы.

Көптеген жанкүйерлер 30-дан асқан шабуылшының үлкен спортпен қоштасуы мүмкін екенін айтқанымен, Жоаоның өзі бұл пікірмен келіспейді. Ол әлі де жасыл алаңда жарқырап, гол соғуға дайын екенін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×