Жоао Пауло «Қайрат» ойыншысы атанды

06.07.2021, 23:57
Бразилиялық шабуылшы жаңа клубымен 1,5 жылдық келісім-шарт жасасты.
Жоао Пауло «Қайрат» ойыншысы атанды

Алматылық «Қайрат» 33 жастағы бразилиялық шабуылшы Жоао Пауло да Силва Араужомен келісім-шартқа отырғанын жариялады.

Футболшы мен алматылық клуб арасындағы келісім-шарт 1,5 жылға есептелген.

Жоао Пауло өзінің кәсіби мансабын 2007 жылы бастаған. Ол Бразилия, Оңтүстік Корея және Болгарияның түрлі клубтарында ойнады. Ал 2019 жылы шымкенттік «Ордабасымен» келісім-шартқа отырды.

Шабуылшы клубтық мансабында 314 кездесу өткізіп, 101 гол соққан, 38 нәтижелі пасы тағы бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×