Жоржиньо:”Әкем “Спортингті” емес, мені қолдайтын болады”

18.09.2025, 12:00

Алматылық "Қайраттың" шабуылшысы Жоржиньо Лиссабонның "Спортингіне" қарсы өтетін матч алдындағы сезімдерімен бөлісті.

Жоржиньо:”Әкем “Спортингті” емес, мені қолдайтын болады”

"Жеребе бізді "Спортингпен” және дәл "Алваладе” стадионында ойнауға кездестіргенде, бұл менің әкемнің арманына мүмкіндік берді, ол әрқашан осы клубтың жанкүйері болып келген. Енді ол өз ұлын сол алаңда көреді. Бірақ дәл ертең ол кімге жанкүйер болатынын жақсы біледі, ол тек мені қолдайды.” – деді Бразилиялық форвард.

Жоржиньо бұл матчты ерекше күтетінін жасырмады, бірақ эмоцияға берілмей, кәсіби түрде ойнауға уәде берді:

"Селтикпен” матчтарда да осындай толқу болған. Дегенмен ойын басталған сәттен бастап, бұл мен үшін кезекті матч қана деген сезімдер туындады. Иә, мен "Спортингтің" жанкүйерімін, оны жасырған емеспін. Бірақ ең алдымен мен кәсіби футболшымын және "Қайраттың" намысын қорғау – менің міндетім.” – деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×