"Қайраттың" Португалиялық шабуылшысы Жоржиньо Дастан Сәтпаевтың "Челсиге" ауысуына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Aladop.kz.
Жоржиньо Сәтпаевтың Лондондық клубқа ауысуына және оның қазіргі жағдайына тоқтала келе, футболдағы басты қағидалардың бірін еске салды. Оның айтуынша, кез келген ойыншының кетуі команда үшін соңғы нүкте емес.
"Футболда ешкім де алмастырылмайтын емес. Әрине, Дастан — өте дарынды, болашағынан үлкен үміт күттіретін ойыншы, оның трансфері көп нәрсені аңғартады. Бірақ кез келген ұжым бір ойыншының кетуімен тоқтап қалмайды. Оның орнын басатын жаңа есімдер міндетті түрде шығады. Бұл — футболдың заңдылығы.” — деді Жоржиньо Meta-ratings.kz. сайтына берген сұхбатында.
Жоржиньо сонымен қатар, АПЛ деңгейінде бәсекелестік өте жоғары екендігін, сондықтан отандасымызға Ағылшын футболының қатаң талаптарына бейімделу үшін үлкен еңбек ету қажет болатынын атап өтті.