Жоржиньо Вейналдум ПСЖ ойыншысы атанды

10.06.2021 19:30 Лига 1

Париждік клуб «Барселонаның» алдын орап кетті.

Жоржиньо Вейналдум ПСЖ ойыншысы атанды

"Ливерпульдің" жартылай қорғаушысы Жоржиньо Вейналдум еркін агент ретінде ПСЖ-ға ауысты, деп хабарлайды париждік клубтың баспасөз қызметі.

Футболшының жаңа клубпен келісім-шарты 2024 жылға дейін жасалған. Вейналдумның ПСЖ клубындағы жылдық жалақысы 10 миллион еуроны құрайды. Негізі "Барселона" жартылай қорғаушыны тексеру үшін медициналық штабын Нидерланды құрамасына жіберуді жоспарлап отырған болатын. Бірақ "Пари Сен-Жермен" оған көп ақша ұсынып, каталондық клубтың алдын орап кетті.

Вейналдум "Ливерпульге" 2016 жылы "Ньюкасл Юнайтедтен" ауысты, ал оған дейін ПСВ мен "Фейеноорд" клубтарында ойнаған. Өткен маусымда жартылай қорғаушы Англия Премьер-лигасының барлық 38 матчына қатысып, екі гол соқты.

0 пікір